Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстанға үш тонна Iphone 6 мен Iphone 6 Plus әкелінген

25 Қараша 2014, 20:33
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстанға үш тонна  iPhone 6 мен iPhone 6 Plus смартфондары әкелінген. Смартфондар қыркүйек айының үшінші онкүндігінде сатыла бастаған еді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік табыс комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, сауда басталған уақыттан бері республикаға 4 354 390 долларға немесе 787,58 миллион теңгеге 6174 дана iPhone 6 смартфоны әкелінген. Бұл әр данасына шамамен 705 АҚШ доллары немесе 130 мың теңге деген сөз. Сонымен қатар, 1 248 320 миллион теңгеге 1536 дана iPhone 6 Plus әкелінген. Бұл бір данасына 812,7 доллар немесе 147 мың теңге деген сөз.

Сонымен қатар, iPhone смартфоны 2013 жылы Қазақстанға әкелінетін жалпы смарфтондардың 18,8 пайызын құрайтыны, ал 2014 жылы бұл көрсеткіш 387 пайызға өскені анықталды. Мемлекеттік табыс комитетінің мәліметінше, 2013 жылы 5 миллион долларға Apple компаниясының 42 мың смартфоны әкелінген. 2014 жылы республикаға 30,44 миллионға 69674 iPhone гаджеті әкелінген.

Республикаға 2013 жылы 26,5 миллион долларға жалпы нарықта бар фирмалардың 207148 смартфоны келген, ал 2014 жылы 80,1 миллион долларға 375314 смартфон жеткізіліпті. Айта кетейік, гаджеттердің құнын анықтау үшін тауардың декларацияда көрсетілген статистикалық бағасы қолданылды. "Ақпарат ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік табыс комитеті тауарларының декларациясының электронды көшірмесінің мәліметтер базасы бойынша дайындалды", - деді ведомство өкілдері. Комитет мәліметінше, мәліметтер базасы тәжірибелі қолданыста.

Айта кетейік, Apple ретейлерінің Қазақстандағы өкілі Артем Казанин осыған дейін Қазақстанда бұл смартфондардың 20 қыркүйектен бастап сатылатынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, iPhone 6-ның құны - 274 мыңнан 360,5 мың теңгеге дейін, ал iPhone 6 Plus құны 302 мыңнан 402,6 мың теңгеге дейін болуы керек. Смарфтондардың экран диагоналі 4,7 және 5,5. Гаджеттерге iOS 8 операциялық жүйесі қондырылған. Жоғары жиілікті Retina-дисплейі бар. Құрылғының бір гигабайттық A8 жадысы бар. Сонымен қатар, Apple компаниясының жаңа өнімінде 8 мегапиксельді камера орнатылған. Кіші моделі 3G жүйесінде сөйлесу режимінде 14 сағат бойы автономды қызмет атқара алады, ал видео көру режимінде қуаты 11 сағатқа дейін жетеді, қуаты күту режимінде 10 тәулікке дейін сөнбейді. iPhone 6 Plus смартфонының бұл көрсеткіші сәйкесінше - 24 сағат, 14 сағат және 16 тәулік.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай