04 наурыз 2018 12:05

Сарапшылар iPhone смартфондарының неше жыл сынбай жұмыс істей алатынын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Александр Вильфм © РИА Новости/Александр Вильфм

Сарапшылар iPhone смартфондарының неше жыл сынбай жұмыс істей алатынын анықтады, деп хабарлады life.ru порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.


Сарапшылар iPhone смартфондарының неше жыл сынбай жұмыс істей алатынын анықтады, деп хабарлады life.ru порталы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, бұл смартфондар өз иелеріне төрт жыл қызмет ете алады. 

"АҚШ-та Asymco мамандары зерттеу жүргізді, оның нәтижесінде iPhone смартфондары ғұмырының ұзақтығы анықталды. Зерттеу жұмысына осы уақытқа дейін сатылған және бұзылған iPhone смартфондары туралы деректер қолданылды. Apple компаниясы сатқан екі миллиардтан аса телефонның 750 миллионы істен шыққан не пайдалануға келмейді", - делінген жарияланымда.

Сөйтіп, сарапшылардың есептеуі бойынша, орташа есеппен iPhone смартфондары төрт жыл сынбастан жұмыс істей алады. Мұны смартфон иелері арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі де растаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети