Тим Кук iPhone смартфонын сирек қолданатынын мәлімдеді

19 Қараша 2018, 09:38
0
Тим Кук iPhone смартфонын сирек қолданатынын мәлімдеді - © hitech.vesti.ru
© hitech.vesti.ru

Apple басшысы Тим Кук iPhone смартфонын сирек қолданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios басылымына сілтеме жасап.

Айтуынша, ол бұрын қандай да бір ақпарат алу үшін, оны тексеру үшін iPhone көмегіне жиі жүгінген. Қазір ол смартфонына келетін хабарламалардың санын қысқартып, сирек тексеретін болған.

Осылайша, компания басшысының iPhone смартфонын қолдануы сиреген. "Құрылғымды қолға алатын сәттер сиреп барады", - деді Apple басшысы басылымға берген сұхбатында.


Видеодан алынған кадр. © Axios on HBO

CBS телекомпаниясының мәліметінше, америкалықтар орта есеппен бір күнде ұялы телефонын 52 рет қолға алады және ол құрылғылар "ақылды сағаттар" немесе планшеттер емес смартфондар.

Сұхбат барысында Тим Кук девайстарды заңға қайшы түрлі әрекеттерге қолдану туралы да айта кетті. "Компания өнімдерін жақсы немесе жаман адамдарға деп шығармайды, бірақ олар өнімдерінің теріс мақсатта қолданылуы мүмкін екенін есте сақтауы керек", - деді Apple басшысы.

Оның айтуынша, технологиялық компаниялар тым ұзамай гаджет қолданушыларының кейбір әрекетін бақылап отыратын бірқатар ережені жасап шығарып, қабылдауы тиіс. "Бұл құпиялық және табыс табу мәселесі емес. Бұған жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу деп қарау қате", - деп түсіндірді Тим Кук.

Айта кетейік, бұған дейін Apple акцияларының тоқсандық нәтиже бойынша табыс рекорд көрсеткіш көрсетсе де құлағаны айтылған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай