29 шілде 2016 12:46

Үнді жігітінің қолында қытайлық смартфон жарылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© plusworld.ru © plusworld.ru

Үнді жігіті Xiaomi маркалы смартфонның жарылысынан таңданарлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Аджай Радж Неги оқыс оқиғаның видеосын Facebook желісіне жүктеді.


Үнді жігіті Xiaomi маркалы смартфонның жарылысынан таңданарлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Аджай Радж Неги оқыс оқиғаның видеосын Facebook желісіне жүктеді.

Mi4i моделінің иесі өзі істейтін офистің жұмыс орнында қуаттауға қойған. Смартфонды қолданып отырған кезде кенеттен түтін шығып, артынша жарылған. Ер адам үстелінен тұрып үлгерген, алайда оның жұмыс орны бүлінді. Жұмысшылардың арасын бөліп тұратын қалқан өртеніп, клавиатура балқып кеткен.

Оқиғаны жұмыс орнында орнатылған камераға жазылып қалған.

"Мен әлі де қорқынышпен еске аламын бұл оқиғаны. Бұл MI4I смартфоны біреуді өлтіріп немесе жаралауы мүмкін еді", - дейді Неги.

Facebook арқылы ер адам осы гаджеттерді өндіруші компаниядан мына жағдайды түсіндіруін талап етті. Ол осы ұялы телефонды небәрі бір жыл қолданғанын айтып, Xiaomi командасын сапасы төмен тауарларды өндіреді деп айыптады. Компания өкілдері көп күттірмей жауап қайтарды, олардың айтуынша бұған батарея себепші және үндіске ешбір ақысыз орнына жаңа смартфон жеткізіп беретінін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети