Челябіде "Барыстың " 11 жастағы хоккейшілері уланып қалды

29 Наурыз 2017, 18:49
0

Челябіде "Барыс", "Авангард" және "Торос" командаларының 11 жастағы ойыншылары уланып қалды, - деп хабарлайды 31TV.ru.

Басылымның мәліметінше, бапкерлер 20 адамға дәрігерлерді шақырған. Осылайша, төтенше жағдай болған жерге жедел жәрдемнің 6 бригадасы барған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар ротавирустық инфекция жұқтырып алған.

"Балаларымыздың екеуінің жағдайы орта деңгейлі, тағы біреуінің жағдайы жақсарды, ал қақпашымыздың жағдайы өте нашар. Сұмдық түн болды", - деді хоккейшілердің бірінің анасы Анастасия Донец.

Сондай-ақ, "Барыс" командасы хоккейшілерінің бірінің анасы Tengrinews.kz тілшісіне команданың жарыстардан толықтай алынып тасталғанын және 30 наурызда Қазақстанға пойызбен қайтатындарын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай