14 қыркүйек 2014 18:10

"Филадельфияның" бұрынғы қорғаушысы "Барыс"ХК-ның құрамына қосылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Hockey-talks.com сайтынан алынды Hockey-talks.com сайтынан алынды

"Филадельфия Флайерз" Ұлттық хоккей лигасының бұрынғы  қорғаушысы Оскарс Бартулис таяуда астаналық "Барыс" хоккей клубының құрамын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 


"Филадельфия Флайерз" Ұлттық хоккей лигасының бұрынғы  қорғаушысы Оскарс Бартулис таяуда астаналық "Барыс" хоккей клубының құрамын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Соңғы екі маусымды Бартулис донецкінің "Доннбасында" өткізді. Украинаның оңтүстік-шығысындағы күрделі саяси жағдайға байланысты клуб Құрылықтық хоккей лигасының жетінші маусымына қатыса алмады. Ойыншылар кез келген клубпен бұрынғы шарттар бойынша бір жылдық келісімшартқа отыру құқығына ие болды. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың жазында "Барыс" ХК президенті Нұрлан Оразбаев клубтың легионерлерді сатып алмайтындығы туралы айтқан болатын. "Клубқа легионерлер маусым барысында алынуы мүмкін. Клубтағы ойыншылар жарақат алып қалған жағдайда олардың орын легионерлер басады. Негізінен біздің жоспарымызда легионерлер алу жоқ. Біз өз ойыншыларымызға үлкен сенім артармыз. Қазір команданы Михайлис, Лихотников, Абрамов сынды жаттықтырушылар жаттықтыруда, Каировты да шақырып отырмыз. Көптегени жас жігіттер қазір жаттығуда. Командаға жастарды тарту арқылы күшейе түсеміз деп ойлаймын", деген болатын ол.

Алайда Оразбаевтың айтуынша, әзірге "Барыс" ХК легионерлерден мүлдем бас тарта алмайды. Өйткені Қазақстандық ойыншылардың деңгейі әлі де бәсекеге қабілетті деп айтуға келіңкіремейді. Бұған дейін команда өздерінің жаңа ойыншыларын, қорқаушы Кевин Даллмэнді және қақпашы Ян Лацоны таныстырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети