14 сәуір 2015 10:13

Хоккейден Қазақстан құрамасы Италия командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vesti.kz @Vesti.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Италия ұлттық командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Хоккейден Қазақстан құрамасы Италия ұлттық командасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, матчтың командалардың әлем чемпионатына дайындығы аясында өтіп, 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. 15-ші минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кэвин Даллмэн есеп ашты. 35-ші минутта Роман Страченко тағы бір ұпай жинады. Бұл ойында қазақстандықтардың қақпасын Павел Полуэктов қорғады.

Бүгін Қазақстан құрамасы Италия командасымен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді деп болжанып отыр. Осы ойын нәтижесінде 4 ойыншы ұлттық құрамадан шеттетіледі. Қалған ойыншылар әлем чемпионатында бірінші дивизиондағы А тобында ойнайтын болады.  Еске сала кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 19-25 сәуір аралығында Краковте өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети