20 мамыр 2015 09:38

Канаданың әнұраны кезінде құрметсіздік көрсеткен ресейлік хоккейшілер жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Izvestia.ru сайтынан Izvestia.ru сайтынан

Ресей хоккей құрамасы ойыншылары әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде Канаданың әнұраны орындалғанда кетіп қалғаны үшін жазаланады, - деп хабарлайды Msn.com порталы. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель мәлімдеді.

"Мен олардың алаңнан кетіп бара жатқанын көрген кезде таңғалдым. Жаза қолданатын боламыз", - деді Рене Фазель. Оның айтуынша, мұндай жағдай Ресейге де, хоккейге деген көзқарасқа да зиянын тигізеді.

Ресейлік хоккейшілер де болған жағдайға пікір білдірді. Олардың айтуынша, әнұран орындалатын кезде ұйымдастырушылар борттың есігін ашқан. Хоккейшілер дұрыс түсінбей, жартысы алаңнан кетіп қалған. "Мен алаңда қалдым. Канаданың әнұранынан кейін Ресейдікі орындалады деп күттім", - деді Ресей құрамасының ойыншысы Дмитрий Куликов.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 17 мамырда өткен финалында Ресей командасы Канада құрамасынан 1:6 есебімен жеңілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети