18 қазан 2014 12:49

Facebook АҚШ-тың есірткіге қарсы қызметінен жалған аккаунттарды қолданбауды талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Facebook компаниясы  АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасынан тергеу мен іздестіру іс-шараларында жалған аккаунттарды қолданбайтындықтары туралы дәлелдерді талап етіп отыр, деп хабарлайды  РИА Новости.


Facebook компаниясы  АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасынан тергеу мен іздестіру іс-шараларында жалған аккаунттарды қолданбайтындықтары туралы дәлелдерді талап етіп отыр, деп хабарлайды  РИА Новости.

Facebook компаниясының қауіпсіздік жөніндегі басшысы Джо Салливан өзінің  DEA администрациясына жазған хатында құқық қорғау органдары да әлеуметтік желілерді қарапайым қолданушалр секілді қолдану керек екенін жазды.Яғни желіде өзі туралы жалған ақпарат таратуға тыйым салынады. 

Нью-Йорктың тұрғыны DEA қызметкерлерін өзінің атымен жалған парақша ашып, телефондағы суреттерін салып қойғаны туралы айтып шағым түсірген соң Салливан осы хатты жазған болатын. Шағымданушының өзі айтқандай, ол 2010 жылы есірткі сақтағаны үшін айыпталып тұтқындалған кезде оның телефонын құқық қорғау органының қызметкерлері уақытша алып алған. Сол кезде телефонның жадында сақталған фотолар көшіріліп алынса керек. Өз кезегінде АҚШ Әділет министрлігінің өкілі Брайан Фэллон Facebook туралы бұл ақпарат жіті тексерілетінін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети