Facebook және Instagram "порномен өш алуға" қарсы күреседі

06 Сәуір 2017, 20:01
0
Facebook және Instagram "порномен өш алуға" қарсы күреседі - © Investopedia
© Investopedia

Facebook порно жариялау арқылы өш алумен күресетін құралды іске қосқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды TJournal.

Facebook басшысы Марк Цукерберг "порномен өш алу" (revenge porn) - бұрын бір-бірін сүйген адамдардың интим фото немесе видео арқылы өш алу және бопсалауға қарсы күресетін жаңа құралдардың іске қосылғанын мәлімдеді. 

Цукербергтің сөзінше, бұл жүйе Facebook, Facebook Messenger және Instagram желілеріне 6 сәуірде енгізілді. Компания суреттегі адамның келісімінсіз жарияланған интим суреттерді бұғаттайтын болады.

"Порномен өш алу - бұл сіздің келісіміңізсіз жарияланған кез келген сурет. Бұл дұрыс емес, бұл өте ауыр тиеді", - дейді ол. 

Facebook компаниясының жаһандық қауіпсіздік департаментінің басшысы Антигона Дэвис қолданушыларға наразылығын білдіру үшін "шағымдану" (Report) пернесін басса жеткілікті екенін айтады. Осыдан кейін намысқа тиетін материалдыр қарауға алынады. Бұзушылық анықталған жағдайда сурет бұғатталады. ал суретті бұғаттау қателік болды деген қолданушы аппеляцияға бере алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай