11 маусым 2015 10:28

Facebook желісіне көршілерінің "өсегін" жариялаған астаналық тергеуге алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hitech-news.ru © hitech-news.ru

Facebook желісіне көршілерінің "өсегін" жариялаған астаналық тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Facebook желісіне көршілерінің "өсегін" жариялаған астаналық тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 41 жастағы тұрғыны "15 жастағы баланы біреулер аулада зорлапты" дегенді көршілерінен естіп, әлеуметтік желіге сол жөнінде ақпарат жариялаған. Қазір Астана полицейлері бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Кәмелетке толмаған балаға зорлау әрекеті жасалды деген жалған ақпаратты Facebook желісіне жариялаған ер адамға қатысты дерек ҚР ҚК 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл ақпарат Астана қалалық ІІД-де расталмаған және жалған ақпарат тарату қатаң бақылауға алынған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети