05 тамыз 2016 12:39

Facebook лентада "айғайлап тұратын" тақырыптармен күресу жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wersm.com © wersm.com

Facebook адамдарды шатастыратын кликбейт тақырыптармен күресу алгоритмін ойлап тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі компанияның ресми сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлады.


Facebook адамдарды шатастыратын кликбейт тақырыптармен күресу алгоритмін ойлап тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі компанияның ресми сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Біз кликбейт тақырыптарды бақылап отыратын жүйе құрастырдық. Ол кликбейт тақырыптарда жиі қолданылатын, бірақ басқа тақырыптарда қолданылмайтын сөздерді анықтап отырады. Бұл электрондық пошталарда спам-сүзгі қызметінің жұмысына ұқсас", - деді компаниядағылар.

Facebook кликбейт тақырып деп мақаланың мазмұнын түсіну үшін тақырыпта мәлімет болмайтын және асыра сілтеу (оқырмандарды жаңылыстыру үшін) сөздердің қолданылатын жағдайларын атап отыр. Сары жолақты немесе кликбейт тақырыптарын көп қолданатын сайттардың жаңалығы қолданушылар лентасында енді азая бастайды, дейді компаниядағылар. Алайда бұл жаңа функцияның қазақ тілді сегментте жұмыс істей ме, жоқ па, белгісіз.

Осыған дейін де Facebook лентадағы кликбейт тақырыптарды жоймақ болған еді. Ол кезде, әлеуметтік желі пайдаланушылары тым аз уақыт жұмсағандықтан, компания сайт мақалаларының санын төмендеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети