Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Facebook өкілдері хакерлердің шабуыл жасағанын жоққа шығарды

27 Қаңтар 2015, 16:50
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Facebook өкілдері әлеуметтік желі мен  Instagram сервисінің үш сағат уақыт бойы ашылмай тұрғанының себебін айтты, - деп хабарлайды BBC. Компанияның мәліметіне қарағанда, әлеуметтік желілердің істемей қалуына хакерлердің қатысы жоқ.

Facebook өкілінің айтуынша, ақаулар инженерлердің қателігінен болды. Олар жүйеге кейбір өзгерістер енгізгендіктен, желі жұмысында ауытқулар пайда болған. "Біз мәселені жылдам шештік, енді біздің екі сервисіміз - Facebook және Instagram 100 пайызға жұмыс істеп тұр", - деді корпорация өкілі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда сервистер барлық провайдерлер мен ұялы байланыс операторларындағы қолданушылар үшін ашылмады. Сонымен қатар, мобильдік қолданбалар да істемеді. Facebook пен Instagram жұмыс істемей тұрғаны жайлы хабарлама түрлі елдерден келіп жатты, мәселен, Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ елдерінде аталған әлеуметтік желілербіраз уақытқа істемей тұрды. Сервис Астана уақытымен шамамен сағат 12.15-те істемей қалды. Қателіктер әлеуметтік желілердің серверлеріндегі ақауға байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы ресми түсініктеме берілмеді.

Сарапшылар Facebook серверіне хакерлердің шабуыл жасағаны жайлы болжам айтты. Сонымен қатар, бұл ақауға өзінің қатысы бар екенін Lizard Squad тобы да мәлімдеп үлгерді. Бұл топ, кейбір мәлімет бойынша, "Ислам мемлекеті" тобымен байланысы бар. Бұған дейін лаңкестік топ Malaysia Airlines әуе компаниясының сайтын бұзған еді.

Айта кетейік, Facebook әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі. Ол 2004 жылы құрылды, 10 жыл жұмыс ішінде желіге кіретін адамның саны 1,2 миллиардқа жетті. 2012 жылы шілде айында компания Instagram желісін сатып алған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай