28 тамыз 2015 10:14

Facebook тәулік ішінде кірген қолданушылардың саны рекордты деңгейге жеткенін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сossa.ru © Сossa.ru

Facebook тәулік ішінде кірген қолданушылардың саны жағынан рекорд орнатты. Дүйсенбі, 24 тамызда әлеуметтік желіге кіргендердің саны алғаш рет миллиардан асты, - деп хабарлайды BBC Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергке сілтеме жасап.

Бұл әлемдегі әрбір жетінші адам күніне бір рет Facebook әлеуметтік желісіне кіргенін көрсетеді. Қазірге дейін әлеуметтік желіге 1,5 миллиард аккаунт тіркелген. Аккаунт иелері айына кемінде бір рет сайтқа кіреді.

Айта кетейік, Facebook бұған дейін жаңалықтар трафигі жағынан Google компаниясын басып озған болатын. Мұны Parse.ly аналитикалық зерттеулер компаниясы хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети