04 желтоқсан 2014 09:25

Gangnam Style бейнебаяны YouTube хостингінің көрілім санағышын бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gangnam Style әніне түсірілген бейнебаянның кадры ©Gangnam Style әніне түсірілген бейнебаянның кадры

Оңтүстік Кореяның әншісі PSY-дың YouTube тарихында ең танымал видеосына айналған Gangnam Style бейнебаяны хостингтің көрілім санағышын бұзды, - деп хабарлайды The Independent


Оңтүстік Кореяның әншісі PSY-дың YouTube тарихында ең танымал видеосына айналған Gangnam Style бейнебаяны хостингтің көрілім санағышын бұзды, - деп хабарлайды The Independent

2012 жылдың хиты болған ән YouTube желісінде әлі де танымал. Бейнебаян сайтта мүмкін болған ең көп көрілім жинады. "Біз видео көрілімін 32 бит белгісі бар санға дейін жетеді деп ойламадық (2 147 483 647), PSY-ды кездестіргенге дейін солай ойладық. Gangnam Style сонша көрілім жинағандықтан, біз жаңартуға мәжбүр болып отырмыз", - деп мәлімдеді YouTube желісінің баспасөз қызметінің өкілі. 

Қазіргі уақытта көрілім есептегіш дұрыс жұмыс істеп тұр - ол жаңалықтың жазылған кезінде 2 153 004 719 рет көрілген еді. Егер курсорды Gangnam Style видеосының көрілім есептегішіне апарсаңыз сандардың анимациясы қосылады.

PSY есімді рэпердің Gangnam Style бейнебаяны YouTube желісіне 2012 жылы шілдеде жүктеліп, тез арада сервистегі ең танымал видеосына айналып үлгерді. Клип YouTube желісінде ең көп "лайк" жинаған видео ретінде Гиннесс Рекордтар кітабына енді, қазіргі уақытта 8,7 миллион "лайк" жиналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети