09 ақпан 2018 11:58

Getcontact қосымшасы заңды бұзды - ҚР АКМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Телефонда сақталған нөмірлердегі мәліметтерден бөтен нөмірлердің кімге тиесілі екенін анықтау мақсатындағы Getcontact қосымшасы Қазақстанда ресми түрде бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Телефонда сақталған нөмірлердегі мәліметтерден бөтен нөмірлердің кімге тиесілі екенін анықтау мақсатындағы Getcontact қосымшасы Қазақстанда ресми түрде бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы аумағында GetContact қосымшасына шектеу қойылды, себебі жеке мәліметтерге қатысты заңбұзушылық деректері анықталды. Министрлік ҚР байланыс туралы заңына сәйкес, шектеу қоюға бұйрық шығарды ", - деп хабарлады Ақпарат және коммуникациялар министрлігіндегілер.

Осыған дейін Getcontact қосымшасының Қазақстанда істен шыққаны хабарланған еді.

Айта кетейік, Қазнет қолданушылары арасында танымалдылыққа ие болған қосымша арқылы қолданушылар таныстарының нөмірлерін тексеріп, оларға қатысты жеке мәліметтерді білген. Мысалы, мекенжайы, жұмыс орны: ол Әлішер деп сақталып тұрса, қосымшада Әлішер, Абай көшесі, 99, №99 пәтер деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта Getcontact қосымшасына кірген кезде тек логотип көрініп тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети