Google қолданушыларға сұраныстар тарихын жүктеп алуға мүмкіндік берді

21 Сәуір 2015, 12:37
0
Google қолданушыларға сұраныстар тарихын жүктеп алуға мүмкіндік берді - © REUTERS
© REUTERS

Google қолданушылары енді Интернетпен байланыс жоқ кезде де өзі іздеген сұрақтар тізімінің тарихын жүктеп ала алады, - деп хабарлайды Vesti.ru. Ол үшін арнайы сұраныс жіберу керек, содан кейін Gmail поштаға "Googlе Дискі" ZIP-архив келеді.

Жіберілген архивтегі JSON форматындағы файлда үш ай аралығындағы сұраныстар тізімі болады. Осы жүйенің арқасында қолданушылар Google іздеу жүйесінен қай уақытта, не іздегенін біле алады. Тізімде тек Google-аккаунттан кіріп ізделген сұраныстар ғана болады.

Іздеу сұраныстарының тарихын сақтау үшін қолданушы "Веб-іздеу қосымшасының тарихына" кіру керек. Содан кейін баптау батырмасын басып, "Жүктеу", кейін "Архив құруды" таңдайды. Еске сала кетейік, осыған дейін де Google іздеу жүйесінде сұраныстар тарихын қарауға болатын, бірақ оны компьютерге жүктеу мүмкіндігі болмады. Компания қызметкерлері аккаунт бұзылған жағдайда басқа біреулер архивті жүктеп алмас үшін қолданушыларға екі сатылы тіркелу жүйесін (телефонға PIN-код жіберу) қолдануға кеңес берді.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай