19 қыркүйек 2014 20:41

Google мен Apple пайдаланушылардың жеке мәліметін құлыптап тастамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Plusworld.ru сайтының иллюстрацияcы Plusworld.ru сайтының иллюстрацияcы

Google мен Apple компаниясы өздерінің қызметін қолданушылардың жеке мәліметін шифрлап, құлыптап тастамақ, - деп хабарлайды BBC Russian.


Google мен Apple компаниясы өздерінің қызметін қолданушылардың жеке мәліметін шифрлап, құлыптап тастамақ, - деп хабарлайды BBC Russian.

Google корпорациясы мәліметтерді шифрлайтын функция Android L мобильді құрылғысының кезекті версиясының операциялық жүйесіне енгізілетінін жариялады. Компания өкілдері, қолданушылардың жеке мәліметтері сенімді қорғалып, хакерлердің кенеттен еніп кетуіне кедергі туғызып қана қоймай, қажетті материалдарды мемлекеттік органдарға тапсыруларын қиындатып жіберетінін айтты. Бұл тұрғыда Apple компаниясы да осыған ұқсас бағдарлама қабылдауды жоспарлап отыр. Apple ондай жүйені iOS8 мобильді қондырғысына енгізбек. Ол жақтағылар шифрланған мәліметтерді басқасы басқа корпорация қызметкерлері де ала алмайтынын мәлімдеді. 

Бұған дейін Google еуропалық тұрғындар үшін веб-парақшалардағы мәлімет қорытындыларын қолданушылардың сұрауы бойынша өшіріп тастай алатын жаңа сервисті іске қосу жоспарда барын жариялаған болатын. Компания бұл қадамға Еуропалық сот шешімінен кейін барған. Өйткені сот қолданушылар өтінген жағдайда ескірген немесе маңызды емес мәліметтер серверден алынып тасталуы керек деп шешім шығарған еді. Google директоры Ларри Пейдж өзі басқаратын компания Еуроодақтың жоғарғы деңгейдегі сот шешімін орындайтынын, алайда бұл инновацияның дамуына кері әсер етіп, сөз бостандығына кедергі келтіру мүмкін екенін ескертті.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети