09 қыркүйек 2015 19:35

Instagram әлеуметтік желісіне енді 30 секундтық видео жүктеуге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ендігіде Instagram әлеуметтік желісіне 30 секундтық видео жүктеуге болады, - деп хабарлайды TNW News басылымы. 


Ендігіде Instagram әлеуметтік желісіне 30 секундтық видео жүктеуге болады, - деп хабарлайды TNW News басылымы. 

Мәліметке сәйкес, Instagram басшылығы бұл қадамға енді өз парақшаларында мазмұнды видеохабарландырулар жариялай алатын шағын бизнеске берілетін мүмкіндіктерді көбейту үшін барып отыр. Жаңа форматтың жаңа өнімге немесе киножаңалықтың таныстырылымына сәйкес келетіні айтылады. Айта кетейік, видеоның кеңейтілген форматы Үндістан, Испания, Мексика және Оңтүстік Кория қолданушыларына мүмкін болып отыр. 

Осыған дейін Instagram әлеуметтік желісі қолданушыларға фотосуреттер мен видеоларды портрет және альбом варианттарында жариялауға мүмкіндік берді. Ал оған дейін тек шаршы суреттер салынатын еді. Әлеуметтік желіге жүктелетін әрбір бесінші роликтің немесе сурет алғашында шаршы пішінді болмайтынына орай Instagram желісінің 7.5 нұсқасында қосымша форматтағы суреттерді енгізуге рұқсат берілді. "Енді кадрға барлық досыңыз сыяды, видеоны да дұрыс форматта көре аласыздар", - деп жазылған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети