19 мамыр 2016 18:45

Instagram желісінде 1 миллионнан аса жазылушы жинаған отандық жұлдыздардың тізімі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Instagram желісінде жазылушысы көп қазақ жұлдыздарының тізімінде Баян Есентаева көш бастап тұр. Бұл туралы Айжан Құлмұханбетова есімді блогердің Massaget.kz сайтында жариялаған блогында айтылады.


Instagram желісінде жазылушысы көп қазақ жұлдыздарының тізімінде Баян Есентаева көш бастап тұр. Бұл туралы Айжан Құлмұханбетова есімді блогердің Massaget.kz сайтында жариялаған блогында айтылады.

Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде Есентаеваның 1 миллион 500 мың жазылушысы бар. Ал екінші орында белгілі актриса, әнші Аша Матай тұр. Оның парақшасына 1 миллион 300 мың адам жазылған екен. Үздік үштікті 1 миллион 100 мың жазылушысы бар Қайрат Нұртас қорытындылады.

Сонымен қатар, жазылушылар саны 1 миллионнан асқандардың тізімінде Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, Мәдина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген, Қарақат Әбілдина, Сәкен Майғазиев бар екен. Таяуда бұл тізімге Ерке Есмахан да қосылуы мүмкін, себебі қазірдің өзінде әншінің парақшасына 983 мың адам жазылған. "Қазір танымал болып келе жатқан әнші Төреғали Төреліде 859 мың жазылушы бар. Халықтың сүйіктісі атанған әнші Мейрамбек Беспаевқа бар жоғы 829 мың адам жазылған", - деп жазады блогер.

Айта кетейік, Instagram желісінде танымал болған қазақстандықтардың арасында вайнер Нұрлан Батыров та бар. Оның аккаунтына 1 миллион адам жазылған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети