13 шілде 2016 10:16

Pokemon Go ойыны бір апта ішінде әлемді жаулап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ЕРА © ЕРА

6 шілдеде калифорниялық Niantic Labs компаниясы iOS және Android Pokemon Go онлайн ойынын шығарды. Көптеген елдерде әлі де шықпағанына қарамастан (ресми түрде тек АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінде) 2016 жылдың басты трендіне айнала білді, - деп хабарлайды TJournal.


6 шілдеде калифорниялық Niantic Labs компаниясы iOS және Android Pokemon Go онлайн ойынын шығарды. Көптеген елдерде әлі де шықпағанына қарамастан (ресми түрде тек АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінде) 2016 жылдың басты трендіне айнала білді, - деп хабарлайды TJournal.

Қазіргі уақытта әйгілі франшиза мотивімен жасалған ойынның құрастырушыларына күніне 1,6 миллион доллар табыс түсіп отыр.

Pokemon Go ойынының атақты болуына басты себеп ол - Pokemon бренді. Бұл бренд Азия, Австралия, Солтүстік Америка және Еуропада кеңінен тараған. Бірнеше күннің ішінде Pokemon Go бұрындары еріккендік пен тиімді жарнаманың орнына қолданылатын дүниелерді енді индустрияға айналдырды: ендігі кезекте осыған ұқсас жобалар жаңбырдан соң шыққан саңырауқұлақ секілді қаптай шығатыны анық.

8 шілдеде Вайоминг қаласында жасөспірім қыз покемондарды іздеп жүріп, өзеннен өлі адамның денесін тауып алған, ал 11 шілдеде ойынды ұрылар өз мақсатында қолдану үшін пайдалана бастаған.

Америкалық Джонатан Терио покемондарды босануға жақын қалған әйелінің жанынан тауып отырған, ал америкалық ерікті покемондарды ДАИШ-пен соғыс кезіндегі үзілістерде тауып отырған.

Фото мен видеолар да танымал бола түсті, себебі онда адамдар Pokemon Go ойыны үшін өз смартфондарының экранына үңіліп, Нью-Йорктің орталық саябағында немесе автотұрақтарда жиналған қауымды көруге болады.


Pokemon Go ойынын бастыру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети