21 қыркүйек 2015 15:23

Skype интернет-мессенджері әлем бойынша істемей тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Белгілі интернет-мессенджер Skype әлем бойынша істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі интернет-мессенджер Skype әлем бойынша істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолданушылардың статусы көрінбейді. Дегенмен, адамдар бір біріне хабарлама жібере алады. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сүйенсек, мессенджерде пайда болған проблеманың қызмет көрсететін провайдерлерге қатысы жоқ.

Айта кетейік, Skype бұл мәселе бойынша түсінік беріп үлгерді: "Кейбіреулеріңіз онлайн режимге өте алмай отырған болуларыңыз мүмкін. Біздің мессенджердегі онлайн-статус баптауында проблемалар пайда болды. Кейбір қолданушылар өз статусын өзгерте алмай отыр және оларға достарының статустары да көрінбейді. Дегенмен хабарламалар жіберуге болады. Біз бұл проблеманы шешіп, жақын арада жаңарту жасауды жоспарлап отырмыз. Сіздерден кешірім өтінеміз", - деп хабарлады Skype.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети