Skype сөйлесуді автоматты түрде 6 тілге аударатын болады

02 Қазан 2015, 10:08
0
Skype сөйлесуді автоматты түрде 6 тілге аударатын болады -

Skype екі адамның әңгімесін автоматты түрде өзге тілдерге аударатын болады, - деп хабарлайды Newsru.com компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасап.

Алғашқы қызмет алты тілде болады: ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай және испан. "Skype аудармашысы әр тілде сөйлейтін адамдардың тіл табысуына көмектеседі. Видеоқоңырау шалу арқылы енді барлық тілдің өкілдерімен сөйлесуге болады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ВВС Translator-дың екі адамның әңгімесін аударып қана қоймайтынын хабарлады. Бұл сервиспен неғұрлым көп жұмыс істеген сайын, соғырлұм оны пайдалану да оңай болады. Яғни осы арқылы басқа тілді үйрену мүмкіндігі туып отыр. Компания мәтіндік хабарламаны да автоматты түрде аударатын жүйе қосады. Хабарлама 50 тілге аударылады.

Айта кетейік, жаңа функцияны алдағы бірнеше аптада Windows платформасының қолданушылары пайдалана алады. Translator жүйесінің демо нұсқасын Windows Store-дан жүктеп алуға болады. Функцияның басқа платформада қашан пайда болатыны әзірше белгісіз.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай