16 мамыр 2017 16:18

SpaceX ұшақтарды Wi-Fi-мен қамтамасыз ететін спутникті орбитаға шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясы ұшақтарды Wi-Fi сигналымен қамтамасыз ету үшін Inmarsat-5 F4 коммуникациялық спутнигі бар Falcon 9 тасығыш зымыранын орбитаға шығарды, - деп жазады TechCrunch.


Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясы ұшақтарды Wi-Fi сигналымен қамтамасыз ету үшін Inmarsat-5 F4 коммуникациялық спутнигі бар Falcon 9 тасығыш зымыранын орбитаға шығарды, - деп жазады TechCrunch.

Тасығыш зымыраны Флоридадағы ғарыш айлағынан Мәскеу уақыты бойынша сағат 02.21-де ұшырылды. Үш минуттан соң зымыраннан басты қозғалтқышы, ал кейінірек екінші қозғалтқышы сәтті өшірілді. Содан зымыран өрістеу фазасына өтіп, геостационарлық орбитаға шықты. Тасығышы зымыраннның ұшырылған сәтін компанияның сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, Inmarsat-5 F4 коммуникациялық спутнигі ұшақтарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуі тиіс Global Xpress жүйесіндегі төртінші спутник. Ғарыш аппараты жерден 35,7 мың қашықтықта жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, жеті тонналық Inmarsat-5 F4 спутнигі Falcon 9 тасығыш зымыраны ұшырған ең ауыр спутник екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Илон Масктың SpaceX компаниясының өкілдері 2024 жылға дейін жоғары жылдамдықта интернет тарататын төрт мыңнан аса спутник ұшыратынын жария еткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети