27 қаңтар 2014 13:55

Strider мульт-ойынның бас кейіпкері Қазақстанда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Strider Hiryu. Иллюстрация zerochan.net сайтынан алынды Strider Hiryu. Иллюстрация zerochan.net сайтынан алынды

Strider атты жаңа мульт-ойынның бір бөлімі Қазақстанға арналған деп хабарлайды Segmentnext.com порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі. Сюжет 2048 жылғы оқиғаны баяндайды. Ойынның бас кейіпкері, жапонның аңыз тұлғасы Страйдер Хирю (Strider Hiryu) моңғол ниндзиясы бейнесінде бой көрсетеді. Сюжет желісі бойынша ол Қазақстанға тұтқындағы досын босатып алу үшін келеді. Аталған ойында Қазақстан жаудың түрлі зертханалары мен роботтарына толы өңір ретінде көрсетіледі. Strider ойынының қарама-қайшы кейіпкері, әскери техниканы өндіруші корпорацияның қожайыны - Гранд Мастер Мейо. Хирюдің басты мақсатының бірі плазмалық қаруды іздеу боп табылады. Ойында ол ең мықты қару түрі ретінде танылған. Аталған ойын 2014 жылы жарық көреді деп күтіліп отыр, алайда оның нақты уақыты әзірге белгісіз. Strider ойынының кейіпкері 1988 жылы Capcom студиясында дүниеге келген. 90-жылдары NES құрылғысы үшін бірнеше бейнеойын жарық көрді. Хирю сюжет желісі бойынша тек Қазақстанға ғана ат басын тіремейді, ол Сібір мен Амазонканы да шарлайды. Ниндзя "Үшінші ай" ғарыш кешенінде соңғы шайқасын өткізеді. Strider-ден тыс "Жауыздық мекені" (Resident Evil), Devil May Cry және Street Fighter сынды белгілі франшизалар Capcom студиясының туындылары болып табылады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети