Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Telegram мессенджері ДАИШ материалдарын таратты деген күдікке ілінді

03 Наурыз 2016, 10:00
0
© akket.com
© akket.com

Ресейдегі қоғам белсенділері Бас прокуратура мен Рескомбақылаудан Telegram мессенджерін ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) материалдарын тарату деректерін тексеруді сұрады, - деп хабарлайды "Известия".

Ұлтаралық үйлесімділік және дінаралық қатынастар жөніндегі қоғамдық палата комиссиясының төраға орынбасары Максим Григорьевтің айтуынша, мессенджерде жарылғыш заттарды жасау жолы, диверсиялық жұмыс бойынша көмекші құралдар еш кедергісіз таралып жатыр. Оның мәлімдеуіне қарағанда, Telegram басшылығы бұл мәліметтердің таратылуын тоқтату бойынша шараларды жүргізуден бас тартып отыр. Айта кетейік, бұл мессенджер - "ВКонтакте" желісінің экс-басшысы Павел Дуровтың жобасы.

Осындай сауалды Рескомбақылауға "МедиаГвардия" басшысы Кирилл Гринченко да жолдады. Оның мәліметінше, соңғы уақытта әлеуметтік желіде лаңкестік ұйымдардың қызметін насихаттайтын шамамен 200 аккаунт тіркелген. Гринченко лаңкестік және экстремистік мазмұндағы топтар мен аккаунттардың сілтемесі көбінде "ВКонтакте" желісінде бар екенін және тағы да 10 шақты сілтеменің Telegram мессенджерінде табылғанын айтты. 

Айта кетейік, Telegram өкілдері болса барлық өтінішпен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеп отыр. "Егер бұл арналар шын мәнінде экстремистік болса, оларға шағым түсіру керек, сондай шағымдардан кейін олар құлыпқа түседі. Алайда оған прокуратура түсірді ме, мектеп оқушысы түсірді ме - айырмашылығы жоқ", - деп хабарлады Telegram басшылығы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай