01 қазан 2014 20:42

Tengri FM радиосы сайтын жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrifm.kz сайтының скриншоты Тengrifm.kz сайтының скриншоты

Tengri FM радиостанциясы өз сайтын жаңартты. Енді радиотолқындағы бағдарламаларды кез келген уақытта тыңдауға, талқыға салуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Tengri FM радиостанциясы өз сайтын жаңартты. Енді радиотолқындағы бағдарламаларды кез келген уақытта тыңдауға, талқыға салуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыңғайлы әрі қарапайым форматта жаңарған сайт тыңдармандарына тек музыкалық әуендер ғана ұсынбайды, енді тыңдармандар сайттың өзге пайдаланушыларымен пікір алмасып, өз ойларын ортаға сала алады. Сондай-ақ, тыңдармандар радиожүргізушілермен де танысу мүмкіндігіне ие, өйткені сайтта Tengri FM дикторларының әрқайсысының жеке парақшасы бар.

"Tengri FM жаңа сайтынан барлық бағдарламаларды көруге болады, фото және видео жазбалармен қоса өтіп жатқан бағдарламалардың сипаттамаларын көре аласыздар. Сондай-ақ сайтта эфирдің толық кестесі бар. Бағдарламаларды жүргізетін радиожүргізушілердің де тізімі сайтта жарияланады. Олармен әлеуметтік желілер арқылы пікір алмасуға, сілтеме жасауға, сайтта пікір қалдыруға болады" - дейді радионың әкімшісі Михаил Николенко.

Tengri FM радиосының директоры Мадина Өмірбекова жаңа сайттың басты мақсаты ыңғайлы әрі қарапайым болу дейді. 
"Біз бұл сайтты іске қосу үшін ұзақ жұмыс істедік. Қазір сайт дайын. Сайт өте қарапайым әрі ыңғайлы" - деді ол. 

Мұнымен қоса сайттың негізгі бетінде ұжымның болашақта қандай жобалармен жұмыс істейтіні көрініп тұрады.  Бұған қоса Tengri FM жуық арада The Spirit of Tengri жобасы бойынша музыкалық шоу ұйымдастырады. Ұйымдастырушылар дәстүрлі және этникалық бағыттағы көмей әндер мен академиялық әндерді қазіргі клубтық электронды дыбысқа қоса орындауды мақсат етіп отыр. Шоу барысында тувалық музыкант Радик Тюлюш қазақстандық диджей Нариман Исеновпен және "Қазына" вокал тобымен бірге өнер көрсетеді. Концерт 3 қазан күні Алматы қаласында "Достық Плаза" сауда орталығында SPACE мультимедиалық галереясында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети