Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Tengrinews.kz қосымшасының пираттық нұсқасы жойылды

22 Тамыз 2014, 16:30
0
©appannie.com
©appannie.com

Apple компаниясы заңгерлерінің араласуынан кейін қытайлық бағдарлама жасаушы Cao Thanh Hung Tengrinews.kz қосымшасы клонының көзін құртты. Еске сала кетейік, америкалық компания өкілдері түпнұсқа бағдарлама авторларының шағымынан соң қытайлық пираттардан өз әрекеттерін түсіндіріп беріп, авторлық құқықты бұзбағанын дәлелдеуді талап еткен болатын. Дегенмен Cao Thanh Hung өкілдері Tengrinews.kz бағдарламашыларына ешқандай түсінік бермеді.

Қазақстандық жаңалықтар сайтының техникалық департаментінің директоры Виктор Мосалевтің айтуынша, қытайлық клон пайда болған екі ай уақыт ішінде оның шамамен мың рет жүктелуі мүмкін. Cao Thanh Hung өзінің көшірме бағдарламасын 18 тамызда өшірді. "Олар алғашқы шағым келгенше жұмыс істеуді әдетке айналдырған болуы керек. Құқық иесі шағымданды, олар көзін құртты. Қазақстанда ол пираттық бағдарлама ешқандай рейтингке іліккен жоқ. Егер ол заңсыз жұмысын жалғастыра бергенде қолданушыларымыздың жартысы оны жүктеп алған болар ма еді", - дейді Tengrinews.kz өкілі.

Мосалевтің хабарлауынша, енді сайттың техникалық департаменті Cao Thanh Hung әрекетін ұдайы бақылап отыратын болады. "Біздің өтінішіміз мақұлданып, әлгі қосымша жойылды. Қазіргі кезде біздің ресми қосымшамыз ғана қалды. Егер олар жалған қосымшаны тағы жария ететін болса, тағы да аздаған қауіп төнеді", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Apple заңгерлері Tengrinews.kz өкілдері артқан кінәні заң бұзушыларға жеткізген болатын. Қытайда жасалған көшірме өнім жаңалықтар сайтының авторлық құқығына нұқсан келтіргені айтылған еді. "Оған қоса, бұл қосымша Google-дегі сансыз көп контекстік жарнаманы пайдаланатындықтан, ол біздің брендке зиянын тигізіп отыр", - деген болатын сайт өкілдері. Айта кетейік, Tengrinews.kz қосымшасының түпнұсқасында логотиптің фоны жасыл түсті және "Т" таңбасының түсі ақ. Ресми қосымшаны Smart Park жасаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай