Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Tengrinews.kz ірі DDoS-шабуылға ұшырады

20 Наурыз 2015, 18:44
0
©pcmweb.nl
©pcmweb.nl

Tengrinews.kz жаңалықтар сайтына DDoS-шабуыл жасалды, - деп хабарлайды порталдың тілшісі Tengrinews.kz техникалық департаментіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 09.00-ден бастап Tengrinews.kz сайты ресурстың серверлерінің жұмысына кедергі келтіруге бағытталған жаппай DDoS-шабуылға (Distributed Denial of Service, қызмет көрсетуден бас тартуға арналған) ұшырады. Қызмет көрсету журналының анализі Tengrinews.kz серверлердегі трафиктің негізгі дереккөзі зарарлы компьютерлер мен бүкіл әлемдегі серверлер екенін көрсетті, олардың қатарында Израильдің, Батыс Еуропа елдері: Францияның, Германияның, Италияның, Испанияның серверлері бар. Техникалық департамент пен "Қазақтелеком" АҚ ақпараттық жүйе дирекциясы қызметкерлерінің ортақ күшімен Қазақстаннан басқа жерде сайтқа кіруге уақытша шектеу қойылды", - делінген департаменттің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Tengrinews.kz порталының ІТ-мамандары DDoS-шабуылдың бір мезетте шамамен 700 түрлі ІР-адрестен жасалатынын хабарлады. "Зақым келтіретін трафиктің көлемі секундына 3 гигабиттен асып түсті", - деді департамент мамандары.

Шабуылдар тоқтатылғаннан кейін сайтқа кіруге қойылған шектеулер толықтай алып тасталды және қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, бұл - Қазақстанның жаңалық ресурстарына жасалған ең ірі шабуыл. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай