12 тамыз 2016 15:33

Twitter 2017 жылы жабылады деген мәлімет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hashtagnow.co © hashtagnow.co

Twitter #SaveTwitter хэштегімен тараған 2017 жылы компанияның жабылатыны туралы мәліметті жоққа шығарды.


Twitter #SaveTwitter хэштегімен тараған 2017 жылы компанияның жабылатыны туралы мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді", - дейді Reuters агенттігі Twitter желісі өкілдерінің сөзіне сілтеме жасап.
 
"Twitter 2017 жылы жабылмайды, #savetwitter - жалған мәлімет" - деп жазады Twitter желісінің қолданушылары.

Таяуда әлеуметтік желіде #SaveTwitter хэштегімен 100 мыңнан аса твит пайда болған. Компанияның неліктен жабылатыны айтылмаған еді. Кейбір твиттерде себебі ретінде әлеуметтік желінің бір қолданушының шағымына байланысты болуы мүмкін делінді. Бұл шағымда бір қолданушы "Twitter желісінде жеке басқа тиісушілік жағдайларының бар және компания басшылығы осыған қатысты ешқандай әрекет жасамайды" деп шағымданған.

"Егер олар Twitter желісін аңду үшін жабатын болса, онда мектептерді де жапсын", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылардың бірі.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети