26 наурыз 2014 22:23

Twitter басшылығы Түркия билігінің желіге шектеу қоюына байланысты сотқа шағымданбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter микроблоктар қызметінің басшылығы Түркия билігінің желіге шектеу қоюына байланысты сотқа шағымданбақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. 


Twitter микроблоктар қызметінің басшылығы Түркия билігінің желіге шектеу қоюына байланысты сотқа шағымданбақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Біз Twitter-ге шектеу қойғаны үшін Түркия билігінің шешіміне қарсылық білдіріп, Түркия соттарына өтініш жасап жатырмыз" - делінген Twitter баспасөз хабарламасында. 

Twitter  арызында соттың үш шешімі туралы айтылған. Оның екеуінде - Түркияның заңдары ғана бұзылып қоймай, желі қызметін пайдаланудың ішкі ережелері де бұзылғаны анық көрсетілген. Үшінші - сотта әлеуметтік желіні қолданушы бұрынғы министрді жемқор деп айыптағаны үшін аккаунтты шектеу туралы шешім қабылданған. Компания қызметкерлері бұл шектеу елдегі сөз бостандығына кедергі келтірумен тең дегенді алға тартады. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Түркия билігі Twitter-ге шектеу қойған болатын. Түркияның премьер-министрі Тайип Эрдоған  Facebook, Twitter және YouTube сайттары жалған ақпараттарды таратады, сондықтан оларды қорғаудың қажеті жоқ деген еді. Биліктің бұл әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады. Көптеген азаматтар, партия мүшелері әлеуметтік желіге шектеу қойылғанына наразылық білдіріп, сотқа шағымданды. Сондай-ақ Түркияның президенті Абдулла Гүл де аталған әлеуметтік желілерге шектеу қоюға қарсы. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети