Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Vimeo интернет-ресурсы Қазақстанда қайта іске қосылды

14 Қазан 2015, 10:43
0
© Digitaltrends.com
© Digitaltrends.com

Vimeo интернет-ресурсы Қазақстанда қайта іске қосылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, vimeo.com сайтының әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңына қайшы келетін материалдарды өшірген. Осыған байланысты, 14 қазанда vimeo.com сайтының қазақстандық қолданушылары үшін ресурсқа кіру мүмкіндігі қайта қалпына келтірілді.

Еске сала кетейік, Комитет мониторинг барысында vimeo.com интернет-ресурсынан терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттайтын бірнеше видеоматериал анықтаған болатын. Яғни, сайтта ДАИШ террорлық ұйымы таратқан видеолар бар болып шықты.

ДАИШ туралы видеода лаңкестердің кепілге түскен адамдарды жауыздықпен өлтіргендері бейнеленген. Астана Есіл аудандық сотының шешімімен 2015 жылдың 7 қыркүйегінде vimeo.com сайтына Қазақстан аумағында бұғатталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай