17 қараша 2017 09:21

WhatsApp ең ыңғайлы жүйені іске қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CNET © CNET

Әлемдегі ең танымал мессенджердің құрастырушылары жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Hi-Tech Mail.Ru


Әлемдегі ең танымал мессенджердің құрастырушылары жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Hi-Tech Mail.Ru

Құрастырушылар дыбыстық хабарламаларды өзгертіп жатыр, олардың айтуынша, бұл бұрынғыдан әлдеқайда өзгеше болады екен. 

Рush-to-talk дыбыстық хабарламасы 2013 жылы іске қосылған болатын. Содан кейін ол аса бір өзгеріске ұшыраған емес. Ендігіде бұл жүйеде күрделі өзгерістер болатын секілді. 

Қолданушы дыбыстық хабарлама жіберуді қолдана бастағанда WhatsApp микрофонның орнына өздігінен шығып тұратын интерфейс болады. Жарты секундқа жетпей, қолданушы тоқтаусыз дыбыс жазуға мүмкіндік алады, яғни саусақпен басып тұрудың қажеті болмайды. 

Сонымен қатар, осыған дейінгі жазған хабарламаларыңызды көріп отыруға мүмкіндік болады. 

Жаңа жүйені қалай қолдану керектігі WABetaInfo сайтында пайда болды. 

 

Алайда бұл жүйеде шектеулер де жоқ емес. Біріншіден дыбыс жазу кезінде фотолар мен видеоларды көре алмайсыз. Сонымен қатар, дыбыс жазу кезінде хабарламаны (пернетақтамен) жазуға немесе басқа чатқа өтуге болмайды - ондай жағдайда сіздің дыбыстық хабарламаңыз өшіп кетеді. 

Қазіргі уақытта жаңа жүйе сынақтан өтіп жатыр, мессенджерді жаңарту кезінде іске қосылады деп күтіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети