WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті

02 Ақпан 2016, 10:06
0
© Bonsai.tv
© Bonsai.tv

WhatsApp қолданушыларының саны миллиардқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы  Марк Цукерберг Facebook парақшасында мәлімдеді.

Әлеуметтік желінің иесі қолданушыларымен жақсы жаңалықты бөлісе отырып, мессенджердің негізін қалаушы Ян Кум мен Брайан Эктонды құттықтады. "WhatsApp Facebook-ке қосылғалы екі есе көп қолданушы жинады. Біз сіздер үшін жақындарыңызға қоңырау шалуға мүмкіндік беретін функция қостық. Енді әлем бойынша көптеген адамды жақындату мақсатында жұмыс істейміз", - деді Цукерберг.

Ол команданың абоненттік төлемді азайтып, WhatsApp мессенджерін тегін еткенін де айта кетті. "Әлемде Жер жүзіндегі миллиардтаған адамды байланыстыратын қызметтер санаулы ғана. Бұл кезең әлемді біріктіру жолындағы маңызды қадам", - деді миллиардер.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай