Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Windows 10 Microsoft компаниясының соңғы операциялық жүйесі болады

14 Мамыр 2015, 10:18
1
Slapioneer.com сайтынан
Slapioneer.com сайтынан

Windows 10 Microsoft компаниясының ең соңғы операциялық жүйесі болады, - деп хабарлайды Slash Gear. Басылымның мәліметінше, компания стратегиясын өзгерткен. Корпорация енді операциялық жүйенің жаңа нұсқасын шығармайды, соңғысын дамытып отырады.

Microsoft өкілдерінің айтуынша, Windows 10 үнемі жаңартылып және дамып отыратындықтан өзектілігін жоғалтпайды. "Windows 10 операциялық жүйесі компьтерлер мен смартфондар үшін өзекті болып қалады. Кейін HoloLens пен Xbox үшін қолдау жасалады. Біз осы инновацияны тағатсыздана күтіп отырмыз", - деді компания өкілі.

Сарапшылар операциялық жүйені бейімдеу корпорацияға қиынға түседі деп болжап отыр. Олардың айтуынша, жүйенің кейбір компоненттері мен қосымшалары ғана дамуы мүмкін. Сарапшылар Windows 8 интерфейсі сенсорлы экрандара планшеттер кең таралғаннан кейін ғана қолданыла бастағанын, яғни ОЖ мобильді компьютерлер арасында бірден таралмағанын атап өтті. 

Айта кетейік, компания операциялық жүйеге "Косынка" ойынын қосу арқылы "революциялық" шешім қабылдады. Осыған дейін әзірлеушілер Windows 8 жүйесінен бұл ойынды алып тастаған еді. Дегенмен, енді "Косынка", "Червы" және "Сапер" ойындарын Windows Store онлайн-дүкенінен сатып алуға болады. "Косынка" ойынын "Мәзір" > "Бағдарламалар">"Стандартты">"Ойындар" жолымен табуға болады. Басқа ойындардың Windows 10 жүйесінде болатындығы туралы ақпарат жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай