17 қазан 2018 09:27

Youtube хостингінде ақау шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін бүкіл әлем бойынша Youtube видеохостингінде ақау шықты. Олардың қатарында АҚШ, Аустралия, Жапония, Еуропа елдерінің қолданушылары хостингке кіре алмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ақау Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 04.00-де болған.

Басылымның мәліметінше, шағымдардың 44 пайызы қолданушылардың видео көрудегі проблемалары жайлы болса, 38 пайызы хостингке тіпті кіре алмағаны туралы, ал 17 пайызында тіркелу мүмкіндігі болмағаны жайлы.

"YouTube, YouTube TV және YouTube Music-тегі проблемалар жайлы хабарлағандарыңыз үшін рақмет. Біз қазір осы мәселені шешумен айналысып жатырмыз, барлығы дұрысталған соң хабарлаймыз. Кешірім сұраймыз", - делінген видеохостингтің Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Бірақ кейінірек хостингтің іске қосылғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети