31 наурыз 2015 11:39

Әрбір бесінші қазақстандық Интернетте фишинг-шабуылға ұшыраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан фишинг-шабуылдардың мөлшері бойынша әлемдік рейтингте жетінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Касперский зертханасы" зерттеуіне сілтеме жасап. Рейтинг 2014 жылдың көрсеткіші бойынша жасалды. Бұл шабуылдардың негізгі мақсаты - қолданушылардың құпия мәліметтерін алу.

Десе де, алдыңғы жылға қарағанда спам мөлшері азайған, жалпы хаттардың 66,76 пайызы жағымсыз болған, бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,84 пайызға аз деген сөз. "Фишерлер"  Бразилия қолданушыларына ең көп шабуыл жасапты - қолданушылардың 27,47 пайызы жалған сайттардан зиянды сілтемелер алған. Сарапшылар мұны жазда өткен әлем чемпионатымен байланыстырып отыр. Екінші орында Австралия орналасты, үшінші орын - Үндістан, төртінші орын - Франция, бесінші - Эквадор, алтыншы орында - Ресей. Жетінші орын алған Қазақстанда қолданушылардың 22,18 пайызы фишинг-шабуылға тап болған.

Шабуылдардың жартысына жуығы көптеген сервисі бар жаһандық порталдардан жасалған. Қазақстандық қолданушгылар оларға бірыңғай аккаунттан кірген. Мұндай сайттардың ТОП-3 қатарына Yahoo!, Facebook және Google кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети