Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада пәтер тонаушылар өз құрбандарын Instagram және Facebook арқылы табады

26 Қараша 2015, 12:49
0
Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

Астанада пәтер тонаушылар өз құрбандарын Instagram және Facebook арқылы табады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Алматы" аудандық прокуратурасы тергеу бөлімінің басшысы Арсен Бегалин сұхбат барысында мәлімдеді.

"Қазір адамдар барлығын әлеуметтік желіге жариялайды, өмірлерінің әр минутын, сағатын. Алаяқтар соны пайдаланады. Парақшаға кіріп: кім қалай тұрады, кімнің жағдайы қандай соны көреді. Әйелі не киеді, күйеуі қандай көлік айдайды. Олар қандай курортқа барады, іссапарға қайда барады. Сөйтіп, қылмыскерлер ол адамдар бақуатты деп ойлайды", - деді прокурор Арсен Бегалин.

Оның айтуынша, бұл пәтер тонаушылардың бірі ұсталғаннан кейін жүргізілген сараптама мен түсінік алудан кейін анықталды. Ол прокурорға біреудің парақшасына жазылып, одан әрі әрекет еткенін толықтай әңгімелеп берген.

Прокурордың айтуынша, Instagram немесе Facebook желісінде адамдардың парақшасына жазылған қылмыскерлер ол туралы толық мағлұматты біліп алады: электронды адресін, парақшасында көрсетілген телефон номерлерін. Арсен Бегалиннің айтуынша, жарияланған суреттер қылмыскерлерге одан әрі әрекет етуге жол береді.

"Кейбір адамдар ұшуға бір күн қалғанда шабадандарын, билеттерін суретке түсіріп, жариялайды, ол жерде ұшатын күні мен уақыты көрініп тұрады. Мұның барлығы қадағаланады. Ұрылар қоңырау шалмай, ақпарат жинамай, өздеріне назар аудартпау үшін пәтерлерді ашып, тонай береді", - деді прокурор, оның айтуынша, таяуда осындай жолмен пәтер тонаумен айналысқан павлодарлық қылмыстық топ ұсталды.

Ресми мәліметтер бойынша, Астанадағы "Алматы" ауданында биыл 10 айдың ішінде 10 мыңнан аса ұрлық жасалған, олардың 777-сі пәтер тонау. Сонымен қатар, прокурордың айтуынша, Астананың көптеген ауданында ұрлық профилактикалық жұмыстардың арқасында азайып отыр.

"Біз видеороликтер мен ескертпелер жасадық. Негізінде қай жерлерде тонау көп болады? Автобустарда, сауда үйлерінде, адам көп жерде. Біз пәтер тонау бойынша да ескертпелер таратып жатырмыз: ескертеміз, ондай жағдайлардың болуына жол бермеу үшін телефон номерлерін қалдырамыз. Жалпы, нәтиже бар. Біздің аудан бойынша да пәтер тонау азайып келеді", - деді Арсен Бегалин. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай