10 желтоқсан 2015 15:33

Facebook жаңа әлеуметтік желіні іске қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Facebook іскерлік қарым-қатынасқа арналған Facebook at Work атты жаңа әлеуметтік желіні іске қосады, - деп хабарлайды CNBC


Facebook іскерлік қарым-қатынасқа арналған Facebook at Work атты жаңа әлеуметтік желіні іске қосады, - деп хабарлайды CNBC

Басылымның мәліметінше, қазір жаңа әлеуметтік желінің сынама нұсқасын шамамен 300 компанияның өкілдері сынақтан өткізіп жатыр. Олардың ішінде банк секторындағылардан бастап сыра өндірісіндегі қызметкерлерге дейін бар. Әлеуметтік желі 2016 жылы қолданысқа енгізіледі.

Әлеуметтік желіде іскерлік жөніндегі ақпараттарды алмасуға болады. Сонымен қатар, онда құны айына бірнеше доллар болатын қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Facebook at Work әлеуметтік желісінің дизайны мен интерфейсі классикалық үлгіде болады. Онда жаңалықтар тізбесі, диалог және "ұнату" батырмасы болады.

Facebook at Work осы саладағы Microsoft және Alphabet's Google-дің Slack and HipChat жобасына бәсекелес болады деп күтіліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети