29 маусым 2015 08:02

Хакерлер ҚР Инвестиция және даму министрлігінің сайтын бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Art-on.ru ©Art-on.ru

Хакерлер ҚР Инвестиция және даму министрлігінің сайтын бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мәселе министрліктің ресми сайтын туралы емес (www.mid.gov.kz), шетел инвесторлары үшін Қазақстанда инвестициялық қызмет енгізу мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық ресурсы туралы. 

"Интернет-ресурстың дефейсі (индекс парақшасының өзгерісі) www.invest.gov.kz 11.10-да табылып, оны жоюға шұғыл шаралар жүргізілді. Оның жоюға 5 минут уақыт жұмсалды. Астана уақыты бойынша, 11.15-тен бастап сайт қалыпты режимде қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта интернет-ресурстың толық қауіпсіздігі мақсатында оны қауіпсіздеу платформаға ауыстыру бойынша шара қабылданды", - делінген хабарламада.

www.invest.gov.kz ұлттық интеракив интернет-ресурсы 2010 жылы жасалды. Ол - Қазақстанда шетел инвесторларына арналған инвестициялық қызмет енгізу мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық ресурсы. Интернет-ресурстың негізгі мақсаты - шетел инвесторларына Қазақстан бойынша, оның ішінде өңірлер бойынша инвестициялық қызмет етуді енгізу жөніндегі өзекті мәліметтерді ұсыну.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети