Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Интим қызметін SMS және әлеуметтік желілер арқылы ұсыну қазақстандықтардың жағасын ұстатты

25 Желтоқсан 2015, 11:07
1

Қазақстандықтар интим қызметін SMS және әлеуметтік желілер арқылы ұсынатындардың үстінен шағым түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпарат порталының оқырмандарының бірі осы мәселе бойынша шара қолдануды және жағдайды реттеуді сұрап Бас прокуратура мен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетіне арыз түсірген. 

Оның айтуынша, 2015 жылдың 30 қарашасында оған интим мәніндегі қызмет ұсынатын сайттың сілтемесімен SMS-хабарлама келген. "Бұл хабарлама шектен шықты. Меніңше, осындай мәндегі жарнамалар құқық жөнінде де, әдеп тұрғысында да орынсыз. Мәжбүрлейтін жарнама мәселесі жүйелі мәнге ие әрі оны ешкім шешіп жатқан жоқ. Сұрыптау сияқты бір жүйе қажет немесе қолданушылардан жарнамаға рұқсат сұралуы тиіс, тіпті болмаса мұндай жарнама маманданған болуы керек", - дейді сайтымыздың оқырманы. Сонымен қатар, ол жарнаманы алып тұруға қарсы еместігін, бірақ оның таргеттелген болуы керектігін айтты. "Мәселен, мен әйелдердің іш киімі жайлы жарнаманы қажет етпеймін, бірақ сондай жарнамалар келіп тұрады", - дейді ол. Шағым түсірген азаматтың айтуынша, осындай спамдар SMS-пен ғана емес, сонымен бірге WhatsApp және Viber әлеуметтік желілерінен де келеді екен.

Мұнымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары Instagram арқылы келіп түсетін жарнамаға шағымданды. Осындай жарнама жасайтын адамдардың аккаунты оларға жазылады екен де, кейін "массаж алуға" ұсыныс келеді. Tengrinews.kz тілшісі Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінен және ұялы байланыс операторынан пікір сұрады. 

Айта кетейік, ресми ведомство өкілдері осыған дейін WhatsApp немесе Telegram арқылы таралатын спамдардың мәселесіне пікір білдіре отырып, бұл мессенджерлердің ұялы байланыс қызметіне жатпайтынын түсіндірген еді. Ал WhatsApp, Telegram мессенджерлері шетел қосымшалары болғандықтан мұнждай хабарламаларды кімнің жіберетінін анықтау қиынға соғады. Органдар осындай мәселер жөнінде сервис әкімшілігіне хабарласуды ұсынып отыр. Ал өз кезегінде адвокат Ерлан Кемешев қазақстандықтардың спам мәселесінде қорғансыз екенін айтқан еді. Оның айтуынша, заңнамада спам жолдайтындарды жауапқа тартуға мүмкіндік беретін қандай да бір механизмдер жоқ. Айта кетейік, қазақстандықтар бүгінде күн сайын қаламаған ақпарат алуға мәжбүр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай