Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жалға берілетін баспанаға өтінім қабылдау жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды

07 Сәуір 2015, 14:13
0
©REUTERS
©REUTERS

"Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қорының жалға берілетін баспанаға өтінім қабылдау жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қордың баспасөз өкілдері айтып берді. Ал осыған дейін жүйедегі ақаулардың шығуына байланысты жалдамалы баспана алғысы келген үміткерлер шағым жасаған болатын - олар процедура таза өтіп жатқан жоқ деп есептейді.

Қордың баспасөз өкілдерінің айтуынша, жүйеде шын мәнінде проблемалар болған. Қазіргі уақытта Ақтөбедегі "Юнис Сити" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға жарияланған конкурс тоқтатылды. Бұған дейін Алматыдағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға жарияланған конкурстың жоққа шығарылғаны белгілі болған еді. 

"Ақпан мен наурыз айларының аралығында өтінім қабылдау жүйесіне бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалды. Белгісіздер мәліметтер базасын жойғысы келіп, жүйені істен шығаруға тырысты. Біз осы оқиғаны тергеу үшін құқық қорғау органдарына хабар бердік. Біздің шағымымыз тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр, қорытындыны хабарлаймыз. Сонымен қатар, қазақстандықтарды алаңдата бермеу үшін және жаңылыстырмау үшін жалға берілетін баспанаға өтінім беру күнін комиссия шешеді - жүйенің қалыпты жұмыс жасауы үшін біздің IT-қызмет қолдан келгенін істеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз өкілдері. 

Еске салайық, Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы жалға берілетін пәтерге үміткерлерден хабар келіп түсті. Олар өтінімнің дұрыс қабылданбағанын, кейін өтінімдердің тіпті жоққа шығарылғанын хабарлаған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай