21 сәуір 2015 17:59

"Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған сайт ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@550kazakhan.kz сайтының скриншоты @550kazakhan.kz сайтының скриншоты

Спорт және мәдениет министрлігі "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған сайт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ондағы материалдар Қазақ хандығы, Тәуелсіздік, Жаңалықтар, Іс-шаралар жоспары, Киножобалар, Мәдени мұра және Бейнеблог айдарлары бойынша шығады.

Порталдан мемлекеттің даму тарихымен танысуға болады. Сайт қолданушылары қазақ хандарының генеалогиясымен және өмірбаянымен таныса алады. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық музейі экспонаттарының да суреттері жарияланған. Сайтта еліміздегі білікті ғалымдардың Қазақстан тарихы туралы зерттеу жұмыстары да бар.

Айта кетейік, сайт қолданушыларына "Қазақ хандығының 550 жылдығына" орай түсіріліп жатқан "Қазақ елі" анимациялық фильмі, "Қазақ хандығына 550 жыл" деректі фильмі және "Қазақ елі" тарихи-драмалық телехикаясының түсірілім жұмыстары туралы хабарланып отырады. Осы жерден кино көргісі келгендер Қазақ хандығы туралы фильмнің түсірілім жұмыстары кезіндегі кадрлар мен "Мәңгілік ел" ұлттық тарихи жобасына арналған анимациялық, деректі телехикаялардың жасалу жұмыстарын тамашалай алады. Сонымен қатар, қолданушыларға сайтқа өздерінің мақалаларын, суреттері мен видеоматериалдарын жіберуге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети