Қазақ жігіті Google компаниясында аға инженер болды

19 Мамыр 2016, 09:42
0
Қазақ жігіті Google компаниясында аға инженер болды - © Facebook.com/ Khafiza Baimukhan
© Facebook.com/ Khafiza Baimukhan

Google корпорациясында жұмыс істейтін қазақстандық Ғалымжан Етеулин бағдарламалық қамту жөніндегі аға инженер болды. Бұл туралы Ғалымжанның анасы Хафиза Баймұхан Facebook желісінде жазды.

"Баламды құттықтаймын!!! Ғалым қызметінде жоғарылады және GOOGLE корпорациясында Senior Softwаre Engineer қызметіне тағайындалды!!! Онымен мақтанамын, екі жыл бұрын ғана ол компанияға қызметке тұрған еді, оған дейін AMAZON-да істеді, ол да әлемдік ірі компания, ол жақта тәжірибе жинап, кәсіби маман екендігін дәлелдеді. Ғалым бірнеше жоба бойынша Tech Leader, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды", - деп хабарлады Хавиза Баймұхан.

Айтуынша, жаңа қызмет өте маңызды, жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін команданың жоспарлауымен және реттеуімен айналысады, жобаның идеологиясын жасайды және міндеттерді орындауға өзіндік ізденіс жасайды. Ғалымжан Елеулин жаңа технологияларды іздеп, енгізумен де айналысатын болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай