11 қараша 2015 10:07

Қазақстанда LiveJournal блог-платформасына кіру мүмкіндігі қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Androidtalk.ru © Androidtalk.ru

Қазақстан аумағында LiveJournal блог-платформасына кіру мүмкіндігі қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"LiveJournal блог-платформаның әкімшілігі ҚР сот органдары заңға қайшы деп тапқан материалдарды өшіргеннен кейін қайта жаңғыртылды. LiveJournal өкілдері терроризм мен экстремизмді насихаттап, террорлық әрекет пен жарылғыш заттарды жасауға ашық шақырған материалдарды өшіргендерін хабарлады", - деп жазылған таратылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2011 жылдың 20 тамызында насихаттау мазмұнындағы материалдары үшін LiveJournal журналына кіру мүмкіндігін алып тастаған еді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті 11 қарашадан бастап блог-платформаға кіру мүмкіндігін қайта жаңғыртты. Сонымен қатар, LiveJournal Қазақстанда блог-платформаны дамытуға ниетті екені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети