Қазақстанда Mail.ru поштасы жұмыс істемей қалды

28 Сәуір 2014, 16:35
0
©Mail.ru
©Mail.ru

Қазақстанда Mail.ru поштасы жұмыс істемей қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Техникалық проблемалар болды. Қазір біздің мамандар оны жөндеп жатыр. Біз жуық арада мәселе шешіледі деп ойлаймыз", - деп хабарлады Mail.ru Group-тың PR-менеджері Анастасия Кошелева. 

Бұл электронды поштаның қазақстандық тұтынушылары біраз уақыт бойы өздеріне келген хаттарды қарай алмады және хат жөнелту қиын болды. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін поштаның қызметі сылбыр болғанымен, қазір жағдай қалпына келген.

"Российская газета" болса, Mail.ru поштасының серверлерге техникалық қызмет көрсету кезінде жұмыс істемей қалғанын хабарлайды. Ресейдегі тұтынушылар да пошта байланысындағы олқылықтарды сезінген. Осы ақаудың салдарынан Warface ойын жобасының тұтынушылары аккаунттарына қол жеткізе алмады, олқылықтар поштамен байланысты басқа да қызметтердің жұмысына кері әсерін тигізген. 

 

 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай