30 қазан 2018 13:56

Қазақстанда Интернетті бұғаттау: Төтенше жағдай кезінде шұғыл құлақтандыру уәде етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© itmlab.ru © itmlab.ru

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл құқық Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне берілді.

"Бұл тізімде біздің министрлік болмағандықтан, маған кеңес алып, әзірлеушілердің ұйғарымын нақтылау керек. Мен пікір білдіруге дайынмын", - деді Абаев журналистерге үкімет кулуарында.

Министрдің айтуынша, төтенше жағдай кезінде халықты құлақтандыру өте жоғары тиісті деңгейде болып қала береді.

"Күнібұрын байланыс өшіріледі делінбеген. Әңгіме бұл жөнінде емес қой. Дүрбелең болмау үшін ондай жағдайда шешім қабылдайтын комиссия болатын шығар. Мен сізге сеніммен айтамын, халықты хабардар ету өте жоғары тиісті деңгейде болып қала береді", - деді Абаев.

Оның айтуынша, техникалық тұрғыда Интернетті бір қалада немесе облыста бұғаттау мүмкіндігі бар.

Министр Қазақстанда қандай төтенше жағдайлар кезінде Интернет пен байланыс құралдары сөндірілуі мүмкін екенін анықтап, біліп беруге уәде берді.

Еске сала кетейік, аталған мемлекеттік органдар қандай да бір төтенше жағдай тууы немесе қауіп төнген кезде үкіметтік, президенттік және шұғыл қызметтен өзгелердің байланыс құралдарының және желілерінің қызметін тоқтата алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети