31 қаңтар 2014 13:55

Қазақстанда түркі халықтарына арналған әлеуметтік желі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Turkiler.com әлеуметтік желісінің басқы беті Turkiler.com әлеуметтік желісінің басқы беті

Қазақстанда 30 қаңтарда түркітілдес халықтарға арналған әлеуметтік желі іске қосылды деп хабарлайды аталған интернет-ресурс әкімшілігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Turkiler.com сайты әзірге веб нұсқада жұмыс істеп тұр. Порталды ресми түрде таныстыру 2014 жылдың сәуір айына белгіленген. Әлеуметтік желіде әр мемлекеттен тіркелгендер бір-бірімен танысып қана қоймай, өз қауымдастықтарын (ұлыстар) құруда фотосуреттерімен, бейнежазбаларымен алмасып, сонымен қатар бұл арадан түркі халықтарының тарихы бойынша пайдалы мәліметтер де таба алады. Өйткені адамдардың пікір алмасуына арналған онлайн-сервис түркілер туралы ақпараттық базаға сәйкестендіріледі. Жоба авторларының бірі Бақыт Асенованың айтуынша, жаңа әлеуметтік желі түркі халықтарының тарихы мен дамуын қызықтаушыларды біріктіру үшін құрылған."Біздің жоба бұрынғы КСРО құрамындағы көршілес мемлекеттердің азаматтары тарапынан да қолдауға ие болады деп үміттеніп отырмыз, жалпылай алғандай, Turkiler.com Facebook, ВКонтакте, Мой Мир, Одноклассники сынды әлеуметтік желілердің баламасы болуы мүмкін" дейді Бақыт Асенова. Қазақстанда өткен жылы "Рулас" деген әлеуметтік желі пайда болған болатын. Онда қазақтың әр жүзі мен руының азаматтары бас қосып, пікір алмасуға мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети