15 шілде 2015 11:10

Қазақстанның көлік полицейлері Instagram арқылы шағым қабылдай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/dvdnatransporte © Instagram/dvdnatransporte

Көлік полицейлері аймақтық ІІД, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің ізімен WhatsApp арқылы шағым қабылдай бастады, сонымен қатар Instagram желісінен арнайы аккаунт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азаматтар жеке заттарының ұрлануы немесе алаяқтық сияқты қылмыстар үшін шағым түсіре алады. Сонымен қатар, жолаушылар жолсеріктердің тарапынан болған теріс әрекеттер, жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау туралы хабар бере алады. Шағымды инстаграмдағы DVDNATRANSPORTE парақшасына қалдыруға немесе 8 776 200 85 87 номеріне WhatsApp қосымшасы арқылы жіберуге болады.

Еске сала кетейік, WhatsApp арқылы арыз қабылдауды алғашқы болып Алматы облысы полицейлері қолға алған еді. Бір ай ішінде полицияға 276 хабарлама келіп түсті. Олардың көбі жол қозғалыс ережесінің бұзылуына қатысты. Кейін WhatsApp аккаунт ашқанын ҚР Астана қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де хабарлады. Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық сфераға қатысты шағымдарды WhatsApp мессенджері арқылы қабылдай бастады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети