Қырғызстан Орта Азия елдері ішінде GoogleMaps-қа енгізілген тұңғыш республика болды

10 Мамыр 2016, 16:44
0
Қырғызстан Орта Азия елдері ішінде GoogleMaps-қа енгізілген тұңғыш республика болды - © Linkedin.com
© Linkedin.com

Қырғызстан әлем елдері ішінде 77-ші және Орта Азия елдері ішінде бірінші болып үйден шықпай саяхаттауға болатын республика болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Google қызметкері Олег Якимчук хабарлады.

Бұл жаңалық қолданушыларға GoogleMaps және GoogleEarth сервистері арқылы мүмкін болып отыр, бұл қызметтер көшелердің жер бетінен 2,5 метр жерден түсірілген панорамалық кескінін көруге мүмкіндік береді. Қырғызстанда құрастырушы команда GoogleStreetView жобасымен бірнеше жыл бойы айналысты. Енді Интернеттен Қырғызстан қалаларының ірі көшелерінде саяхаттауға болады, тарихи, мәдени ескерткіштерді және туристік бағыттарды көруге болады. 

"Бұл туризмнің дамуына үлес қосады, бағыттардың дамуына қосылған үлес. Бұл жанармай құю бекетін табу мүмкіндігі, қандай да бір жердің кескінін көруге мүмкіндік. Шетелден турист келгенде, ол қонақүйді және мейрамхананы өз телефонынан тауып ала алады", - деді Якимчук.

Құрастырушылардың айтуынша, енді интернет-қолданушы Қырғызстандағы түрлі орындарды 3D фотография арқылы 360 градуста қарай алады. Сонымен қатар, Қырғызстан бойынша саяхаттың бағытын алдын-ала жасап алуға болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай